Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскесiнің тiзбесін бекіту туралы

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса берiлiп отырған құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар жер қойнауы учаскелерін қоспағанда, аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскесінің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

   Инвестициялар және даму

                министрі

Ж. Қасымбек

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі

____________ Қ. Бозымбаев

2017 жылғы «___»_________

Жарияланған: 11.05.2017
Жаңартылған: 11.05.2017
© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Құжаттау және бақылау департаменті