Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Департамент туралы ереже

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

Құжаттау және бақылау департаменті туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құжаттау және бақылау департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департамент мынадан тұрады:

1) Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы;

2) Қызметтік құжаттардың орындалуын бақылау басқармасы;

3) Құжаттарды редакциялау басқармасы;

4) Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы;

5) Ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік басқармасы;

6) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту басқармасы.

 

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

5. Міндеті: Министрлікте бірыңғай құжатайналымы жүйесін ұйымдастыру және оны «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы

№ 1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне, «Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келiсу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық Жарлықтарына мониторинг жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, «Электрондық құжат айналымы ережесін бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2004 жылғы 17 сәуірдегі №430 қаулысына, «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы

22 желтоқсандағы № 144 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларына, «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Регламентін бекіту туралы» 2015 жылғы 25 мамырдағы №593 Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығымен бекітілген Министрліктің Регламентіне сәйкес жетілдіру.

Функциялары:

1) Министрлікке келіп түсетін қағаз түріндегі құжаттарды, соның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды және олардың Электрондық құжат айналымның бірыңғай жүйесінің (бұдан әрі –  ЭҚАБЖ) тиісті деректер базаларында тіркеуді  ұйымдастыру;

2) жоғары тұрған мемлекеттік органдардан, министрліктерден, ведомстволар мен басқа да ұйымдардан келіп түсетін құжаттарды, ЭҚАБЖ электрондық форматта келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, бейнеөтініштерін қабылдау және тіркеуді қамтамасыз ету;

3) Министрліктің шығыс хаттарын ЭҚАБЖ-да күнделікті тіркеуді және адресаттарға ЭҚАБЖ арқылы электрондық форматта оларды жіберуді, қағаз тасығышта - адресаттарға тиісті тізілімді құру арқылы курьер арқылы қолма-қол жеткізуді қамтамасыз ету;

4) жедел құжаттар, телефонограммалар мен факсограммаларды қабылдау, оларды ЭҚАБЖ ДҚ-да тіркеу үшін Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастыру және Министрліктің басшылығының назарына  жұмыс күндері сағат 18-30-дан 20-00-ге дейін, сенбі күндері сағат 9-00-ден 17-00-ге дейін жеткізу;

5) Министрліктің ведомстволық мұрағатының жұмысын ұйымдастыру және құжаттарды мемлекеттік сақтауға беру және  тәжірибелік маңызы жойылып, тарихи және басқада құндылығы жоқ құжаттарды жою туралы шешімді қабылдау үшін Орталық сараптамалық комиссияны қалыптастыру;

6) Министрліктің Істер номенклатурасын әзірлеуді ұйымдастыру, оны құжат жүргізу саласындағы уәкілетті органмен келісу және оның бекітілуін қамтамасыз ету;

7) электрондық құжат айналымы және мұрағат ісі мәселелері бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

8) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрліктің құжат айналым мәселелері   бойынша қызметін регламенттейтін құжаттар талабын сақтау бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерін оқытуды және қызметтік құжаттардың орындалуына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру.

6. Міндеті: Министрлікте жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру.

Функциялары:

1) Министрдің, Министрліктің Жауапты хатшысының, бірінші вице-министрдің және вице-министрлердің азаматтарды қабылдау жөніндегі тоқсан сайынғы кестесін құру, қабылдау кестелерін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жіберу;

2) Министрлік басшылығының жеке қабылдауын және онлайн қабылдауын локалдық-есептеу желісі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы ұйымдастыру;

3) жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау карточкасын толтыру, қабылдау қорытындылары бойынша қабылданған шешімдерге мониторингті қамтамасыз ету, қабылдау қорытындылары бойынша есептілік дайындау;

4) Министрлік басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша тоқсан сайынғы және жылдық есептер дайындау.

7. Міндеті: Министрлікке келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің, оның ішінде бейне өтініштер және «Электрондық Үкімет» порталына келіп түскен өтініштердің орындалуын бақылауды ұйымдастыру.

Функциялары:

1) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволарының жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін уақтылы қарауын бақылауды жүзеге асыру;

2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiмен ай сайын, келіп түскен өтініштердің саны мен оларды қарау нәтижелері туралы тексеру жүргізуді қамтамасыз ету;

3) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері үшін жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштері бойынша бақылаудағы құжаттардың алдағы екі аптада орындау мерзімі көрсетілген апталық тізбені құруды қамтамасыз ету;

4) «Электрондық Үкімет» порталынан келіп түскен өтініштерді тіркеу кезінде электрондық уифрлық қолтаңбаның түпнұсқасын тексеруді жүзеге асыру, оларды тіркеуді, бақылауға қоюды, оларды уақтылы қаралуын ұйымдастыруды және бақылаудан алуды қамтамасыз ету.

8. Міндеті: Министрлікте бақылаудағы құжаттарды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің және Қазақстан Республикасының Үкіметі тапсырмаларының орындалуын бақылауды ұйымдастыру.

Функциялары:

1) ЭҚАБЖ ДҚ-да қызметтік құжаттарды күнделікті бақылауға қоюды жүзеге асыру;

2) қызметтік құжаттардың қозғалыс схемасын және қызметтік құжаттарды бақылау тізбесін әзірлеу;

3) құжаттардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету бойынша орындаушылармен жұмысты ұйымдастыру;

4) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің және  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қаулы, өкім, бұйрық, кеңес, отырыс хаттамаларының бақылаудағы тармақтары, тапсырмалары және өзге де құжаттардың келіп түсуіне қарай ЭҚАБЖ ДҚ-ға енгізу;

5) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің және  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік органдардың интранет-порталында (бұдан әрі - МОИП) орналастырылған ескертулерімен жедел түрде жұмыс жасауды қамтамасыз ету;

6)  Бақылау құжаттарын ескертетін ақпараттық жүйесімен жедел жұмыс істеуді қамтамасыз ету;

7) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және ведомстволары үшін бақылаудағы құжаттар жөніндегі апта сайынғы есеп-ескертуді алдағы болатын кезеңдегі орындалу мерзімімен қамтамасыз ету.

9. Міндеті: Министрлік басшылығын құжат айналымы мен бақылаудағы құжаттарды орындау жөніндегі талдамалық және статистикалық деректермен қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Министрдің және Министрліктің Жауапты хатшысының аппараттық кеңестеріне бақылаудағы тапсырмалар, депутаттық сауалдар мен өтініштері, министрліктер мен ведомстволардың сұрау салулары және хаттары, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жиынтық есепті дайындауды қамтамасыз ету;

2) алдағы аптада орындалатын бақылау мерзімінде тұрған құжаттар бойынша апта сайынғы ескертулер тізбесін дайындауды қамтамасыз ету;

3) ағымдағы аптада орындалу мерзімдерімен орындалмаған құжаттардың апта сайынғы тізбелерді дайындауды қамтамасыз ету;

4) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволарының рейтингтік бағалауын өткізу үшін мерзімі бұзылып орындалған құжаттар бойынша ай сайынғы жинақтау есебін құрастыруды қамтамасыз ету;

5) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне және Министрліктің басшылығына атқарушылық тәртіп және құжат айналымы бойынша тоқсандық және жылдық  есептерді дайындауды қамтамасыз ету.

10. Міндеті: Министрліктің негізгі қызметі бойынша бұйрықтарды тіркеуді ұйымдастыру.

Функциялары:

1) Министрдің және Министрліктің Жауапты хатшысының негізгі қызметі бойынша бұйрықтарын ЭҚАБЖ ДҚ-да тіркеуді жүзеге асыру.

11. Міндеті: Министрлікте Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының талаптарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тіл саясаты, терминология және ономастика мәселелері жөніндегі Жарлықтарын, қаулылары мен өзге де құқықтық актілерінің талаптарын іске асыру. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарында мемлекеттік тілді енгізу және дамыту.

Функциялары:

1) Мемлекеттік тілді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ Министрліктің салаларында тіл саясаты аясындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру;

2) «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының, сондай-ақ аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіру;

3) Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын қалыптастыру және әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын мониторингілеу;

5) мемлекеттік тілдің қоғамдық қолдану аясын кеңейту және дамытудағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды  әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастыру;

6) Министрліктің салаларында мемлекеттік тілді оқыту бойынша курстардың өткізілуін үйлестіру;

7) Министрлік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін мемлекеттік тілді оқыту деңгейі бойынша курстар өткізуді ұйымдастыру;

8) Министрліктің салаларында іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, көрнекі ақпаратты безендіру бойынша консультациялық көмек көрсету;

9) Министрліктің салаларында, аумақтық бөлімшелерінде, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарында деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

10) тілдер туралы заңнамалардың орындалуын бақылау тексеру нысанында және өзге нысандарда жүзеге асырылады, олардың бұзылу фактілерін қарастырады және солар бойынша өз құзыреті шегінде шешімдерді жүзеге асырады;

11) мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу іс-шараларын өткізу (Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарын тексеру және жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу);

12) нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тілдегі сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік тілді дамыту бойынша семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу;

13) Министрліктің қызметі салаларында Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасының орындалуына жәрдемдесуді жүзеге асыру;

14) жүргізіліп жатқан мемлекеттік тіл саясатының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және енгізу;

15) ономастикалық және терминологиялық жұмыстарды үйлестіру;

16) Министрлікте ономастика және терминология жөніндегі жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету;

17) Министрліктің қызметі салаларында терминологияны әзірлеу және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

18) Министрліктің салаларында ономастика және транскрипциялар мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

19) Министрлікте мемлекеттік тілдегі кіріс және шығыс құжат айналымын мониторингілеу.

12. Міндеті: Министрлікте тіл саясаты мәселелері жөніндегі заңнаманың талаптарын іске асыру.

Функциялары:

1) жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жіберілетін құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік тілдегі құжаттарын редакциялау және келісу;

2) жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жіберілетін құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік тілдегі құжаттарын ЭҚАБЖ және МОИП арқылы редакциялау және келісу;

3) Министрлік әзірлейтін қызметтік құжаттар мәтіндерінің түпнұсқалығына, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді теңтүпнұсқалық мәніне редакциялау және сараптамасын жүргізу;

4) Министрліктің ішкі бұйрықтарының, құрылымдық бөлімшелердің жауапты хатшы қолымен жоғары тұрған органдарға жіберілетін мемлекеттік тілдегі ілеспе хаттарын ЭҚАБЖ бойынша редакциялау және келісу;

5) мемлекеттік тілдегі нормативтік құқықтық құжаттарды әзірлеу мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету және қызметті үйлестіру;

6) құжаттарды редакциялау бойынша Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары мамандарының тағылымдамасын ұйымдастыру және өткізу;

7) мемлекеттік және ресми тілдердегі құжаттардың сапалы дайындалуын жүзеге асыруды бақылау.

13. Міндеті: Министрліктің есептеуіш және ұйымдастыру техникаларының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Министрліктің аппараттық-бағдарламалық құралдарына жедел жүйелі-техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

2) ақпараттандыру мәселелері бойынша Министрлік қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

3) аппараттық-бағдарламалық құралдармен Министрлік бөлімшелерін жабдықтандыруды ұйымдастыру, тиiмдi пайдаланылуын және дұрыстығын бақылау;

4) Министрліктің компьютерлік және ұйымдастыру техникасын есепке алуды қамтамасыз ету;

5) Министрліктің компьютерлік және ұйымдастыру техникасын, серверлік және коммуникациялық жабдығын жоспарлы түгендеуге қатысуды қамтамасыз ету;

6) Министрлік қызыметкерлері үшін Интернет желісіне қолжетімділікті беруді ұйымдастыру;

7) Департаменттің құзыреті шеңберінде тауарларды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарына қатысуды, бағдарламалық қамтылымға, есептеу және ұйымдастыру техникасына қатысты техникалық ерекшеліктерді дайындауды қамтамасыз ету; 

8) ақпараттандыру саласындағы техникалық ерекшеліктердің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің келісілуін қамтамасыз ету;

9) «АҮМК» КЕАҚ және жергілiктi-есептеу желiсiнің құралдары арқылы Министрліктің басшылығы азаматтарды онлайн қабылдауының техникалық қолдауын ұйымдастыру;

14. Міндеті: Ақпараттық қауіпсіздіктің бірыңғай саясатын жүргізу, Министрліктің ақпараттық жүйелері мен ресурстарын қорғау.

Функциялары:

1) Министрліктің ақпараттық қауiпсiздiк саясатының сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;

2) ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде Министрліктің қызметкерлеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсету ;

3) қорғалатын ақпаратты жоғалту, бұзу, жою, санкцияланбаған беру фактілері бойынша қызметтік тексерулерді жүргізуге қатысуын қамтамасыз ету;

4) ақпараттық қауіпсіздіктің қауiптерін болашақта алдын алу, айқындау, оқшаулау, жою және болдырмау үшін техникалық, әкімшілік, тәртіптік сипаттағы шаралардың жиынтығын әзірлеуге қатысуды қамтамасыз ету;

5) Министрліктің жергілікті есептеу желісінің серверлік және басқа да жабдықтардың, жұмыс істеуі, ақпараттық қауіпсіздік бойынша құрылымдық бөлімшелердің  қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету;

6) Министрліктің жергілiктi-есептеу желiсiнің активтi желiлiк жабдықтардың мониторингін жүзеге асыру;

7) жұмыс станцияларында және серверлерде вирусқа қарсы базасын жаңарту, вирустық белсенділігінің мониторингін жүзеге асыру;

8) серверді резервтік көшіруді жүргізу, серверлік үй-жайдың физикалық периметрін, пайдалану шарттар жағдайын тексеруді қамтамасыз ету;

9) Министрлік пен комитеттердің Интернет-ресурстарының осалдығын анықтау және жою жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді қамтамасыз ету.

15. Міндеті: Министрлікте ақпараттық технологиялардың қолданылуын бағалау бойынша жұмыстарға қатысуды ұйымдастыру.

Функциялары:

1) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің ақпараттық жүйелердің ведомстволық нәтижелілігін, Интернет-ресурстардың тиімділігін пайдалану жөнінде қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету; 

2) МОИП пайдаланушылардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету;

3) «Ашық НҚА», «Ашық сұхбаттар» интернет-порталында құжаттарды толықтыру жөнiндегi комитеттер және құрылымдық бөлімшелердің жұмыстарын үйлестіру және бақылау жасауды қамтамасыз ету.

16. Міндеттері:

Бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту және тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып тексеру санын оңтайландыру бойынша жұмыстарды үйлестіру. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау, мониторингілеу және бағалау.

Лицензиялық-рұқсат беру құжаттарын қысқарту оның ішінде лицензиялық-рұқсат беру құжаттарын хабарлау тәртібіне ауыстыру бойынша жұмыстарды үйлестіру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру.

Функциялары:

1) Бақылау-қадағалау функцияларын қысқарту және тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып тексеру санын оңтайландыру бойынша нормативтік құқықтық актілерді келісу мәніне сәйкес заңнама мониторингін жүргізу;

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету, мемлекеттік қызметтерді айқындау және/немесе тиісті тізілімнен алып тастау, Министрліктің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтердің атауын өзгерту, сондай-ақ лицензиялық-рұқсат беру  құжаттарды хабарлау тәртібіне ауыстыру бөлігінде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;

3) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын және уақтылығын, оның ішінде мемлекеттік қызметті алушының өтінімін уақтылы тіркеу бөлігінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерін бақылау;

4) құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалауды жүргізуге мониторинг өткізу;

5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу;

6) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауды бақылау;

7) бизнесті жүргізу үшін кедергілерді жою мәніне оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын және регламенттерін әзірлеу бойынша заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізу;

8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процесінде автоматтандыру және оңтайландыру бөлігінде ұсыныстарды тұжырымдау;

9) Министрліктің автоматтандыруға жататын функциялар тізбесін айқындау және қалыптастыру;

10) функцияларды автоматтандыру бөлігінде құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру;

11) Министрліктің құзыретіне кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Мемлекеттік корпорацияға ауыстыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

12) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

17. Министрліктің басшылығы жүктеген өзге де міндеттер.

6. Құқықтары мен міндеттері:

6.1. Департамент:

1) Департамент міндеттерінің шеңберіне кіретін мәселелер жөнінде Министрлік басшылығының қарауына ұсыныстар енгізуге;

2) Департаменттің құзыретіне қатысты мәселелерді Министрліктің басшылығымен талқылауға қатысуға;

3) басшылықтың тапсырмасы бойынша, Департаменттің  құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің атынан Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарында, қоғамдық және өзге де мекемелер мен ұйымдарда, оның ішінде шет елдік ұйымдарда өкілдік етуге;

4) Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарынан қажетті құжаттарды, есептерді, анықтамалар мен басқа да материалдарды сұратуға және алуға;

5) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер,

іс-шаралар  ұйымдастыруға және өткізуге;

6) әдістемелік көмек көрсетуге, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарында, ведомстволық бағынысты ұйымдарында және кәсіпорындарында, аумақтық бөлімшелерде Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тексеруді жүзеге асыруға;

7) өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Департамент өткізетін

іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының келісімімен ведомстволық бағынысты ұйымдарын және олардың қызметкерлерін тартуға;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрдің және Жауапты хатшының Департаментке жүктеген өзге де міндеттерін жүзеге асыруға құқылы.

6.2. Департамент мынадай міндеттерді атқарады:

1) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктер беру;

2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жүргізуде консультативті-кеңестік органдарда немесе басқа да қажетті көмек көрсету қажет болғанда Департамент қызметкерін (-лерін) бөлу;

3) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары мен мемлекеттік органдар ресми сұрау салса, өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамалар беру;

4) мемлекеттік меншікті сақтауды қамтамасыз ету;

5) Департамент қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметші әдебінің нормаларын сақтауды қамтамасыз ету;

6) сыбайлас жемқорлық жағдайлар белгілі болғанда, ол туралы Министрліктің басшылығына немесе құқықтық қорғау органдарына назарына жеткізу;

7) Департамент қызметкерлері функционалдық міндеттерін орындау кезінде гендерлік кемсітуге жол бермеу.

 

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

7. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

8. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Директор басқарады.

9. Департамент директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және  Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.

10. Департамент директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

11. Директор осы мақсатта:

1) өзінің орынбасарларының  міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Департаменттің құрамына кіретін басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президент актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

12. Департамент директорының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орынбасары болады.

13. Департамент директорының орынбасарлары өз өкілеттіктері шеңберінде:

1) Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезде Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

14. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

15. Департамент директоры, оның орынбасарлары және басқарма басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауы тиіс және Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады.

16. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіппен бекітілген олардың лауазымдық нұсқаулықтарымен анықталады.



 

Жарияланған: 09.07.2015
Жаңартылған: 25.01.2017
© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Құжаттау және бақылау департаменті